Қасақана және жалған банкроттық үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған

0
626

Заңды тұлғалар мен ЖК бойынша қасақана және жалған банкроттық қарастырылған.


Қасақана және жалған банкроттық үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған

Алаяқтықтың алдын алу үшін қандай шаралар қолданылады? Мысалы, осы Заң негізінде өздерін банкрот деп жариялағысы келетін адамдар пайда болуы мүмкін, ал іс жүзінде олардың кірісі бар. Мұндай жағдайлардың алдын аласыздар ма, және бұл қалай тоқтатылады? Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Қаржы бірінші вице-министріне осындай сұрақ қойылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

«Заңды тұлғалар мен ЖК бойынша қасақана және жалған банкроттық қарастырылған. Бұл жағдайда да осындай баптар енгізілді. Егер несие алушылардың алдау, мүлікті жасыру фактілері анықталса, заңнамамен әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік көзделген. Атап айтқанда, бірнеше АЕК төлеуден бас бостандығынан айыруға дейін. Сондай-ақ, белгілі бір лауазымдарды атқаруға шектеу қою түріндегі санкция бар», - деп жауап берді Марат Сұлтанғазиев.