Каспий теңізінің таяздануымен күресу үшін 40 млрд теңге қажет

0
869

Қазгидрометтің болжамы бойынша, 2030 жылға дейін Каспий теңізінің деңгейі жылына 23 см-ге төмендей береді.


Каспий теңізінің таяздануымен күресу үшін 40 млрд теңге қажет

ERNUR.KZ. Ақтау және Құрық порттарында акваториядағы тереңдікте және жақындау арнасында өткір мәселе туындай бастағанына байланысты кеме қатынасының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін тереңдету жұмыстарын жедел жүргізу қажет, деп жазады inbusiness.kz.

"Алдын ала есептеулер бойынша тереңдету жұмыстарының құны 40,4 млрд теңгені құрайды. Жобалық құжаттама әзірленгеннен кейін нақтылау қажет болады. Жобаны іске асыру мерзімі 2023-2025 жылдарға жоспарланған. Бүгінгі таңда қаржыландыру көзі мен механизмі анықталуда", - деп хабарлады Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі.

Порт жағалауының қазіргі тереңдігі орташа есеппен 4,9 метрді құраса, стандартты навигация деңгейі 6,11 метр. Бұл кемелерді тек 75 пайызға ғана тиеуге мүмкіндік береді. Тереңдету жұмыстары аяқталғаннан кейін кемелер толығымен тиеледі. Бұл қазақстандық порттар арқылы жүк айналымын 25-30 пайызға арттыруға мүмкіндік береді.