Касса қызметкеріне дөрекілік көрсеткен ер адам жұрттың ашуын келтірді (видео)

0
409

Алдымен ол қызға қарап, бірдеңе айтады да, кейін есептегіш құралды бар күшімен қыздың бетіне лақтырып жіберді.


Касса қызметкеріне дөрекілік көрсеткен ер адам жұрттың ашуын келтірді (видео)

ERNUR.KZ. Қазнетте клиент касса қызметкеріне көрсеткен әдепсіздігі түсірілген видео тарап жатыр, деп жазады Tengrinews.kz.

Кадрлардан касса алдында ірі денелі ер адам тұрғаны көрінеді. Оған жігіт пен қыз қызмет көрсетіп отыр. Ашуланған клиент дөрекі мінез көрсетеді. Алдымен ол қызға қарап, бірдеңе айтады да, кейін есептегіш құралды бар күшімен қыздың бетіне лақтырып жіберді. Ол қыздың сол жақ құлағына тиді. Кейін ол басын ұстап орнынан тұрып кетіп қалады.




Видеоны Instagram-дағы көп парақша жарияланды. Қолданушылар оқиғаның қай жерде болғанын сұрастыра бастады. Кейбіреулер бұл Алматыда болған деп болжаған. Қалалық полиция бөлімі тексеру жүргізіп, бұл деректің Алматыда, тіпті Қазақстанда тіркелмегенін анықтады.

"Біз дереу тексере бастадық. Мен қырғызстандық әріптестеріммен хабарластым, олар қазір оқиғаның оларда болғанын растады. 1992 жылы туылған заңбұзушы ұсталып, Бішкектің Октябрь ауданындағы ішкі істер бөліміне жеткізілді. Әріптестер істі тергеп жатыр", - деді Алматы қаласы ПД бастығының орынбасары Рустам Абдрахманов.

24.kg мәліметінше, оқиға 2 тамызда Бішкектегі сауда және ойын-сауық орталықтарының бірінде болған. Белгілі болғандай, мас клиент ойынхана қызметкерлерінің біріне тиіскен.

"Клиенттеріміздің бірі мас болған. Ол сөреге жақындап, кассир қызға жүгінген кезде, ол оған орыс тілінде қызмет көрсеткен. Ол онымен тек қырғыз тілінде сөйлесуді агрессивті түрде талап етті. Қыз қырғыз тіліне көшті, өйткені ол оны жақсы біледі. Бірақ бұл келушіге ұнамады. Ол оған әрнәрсе лақтырып, қорқыта бастады. Бір сәтте сөреден калькуляторды ұстап алып, оның басына лақтырды", - деді ойынхана әкімшісі Тимур Жүнісов.

Оның айтуынша, шақыртумен келген полицейлер ер адам мен жәбірленушіні алып кеткен, ол арыз жазған. Ер адамды наркология сараптамасына апару керек болған. Алайда көп ұзамай полиция мас ер адамды босатты.

"Жарты сағаттан кейін ол ойын-сауық орталығына оралып, қызметкерлерімізді қорқытып, қорлауын жалғастырды. Ол ешкімнен қорықпайтынын және оның мінез-құлқы үшін ештеңе істей алмайтынын айтты", - деді сұхбат беруші.

Ойынхананың әкімшілігі полицияның "болған жағдайға ешқандай қызығушылық танытпай отырғанын" атап өтті. Олар өз қызметкерлеріне дөрекілік жасаған адам шынымен жазасыз қалуы мүмкін деп қорқады.