Президенте пандемияға қарсы күресте журналистердің қызметі маңызды екені атап өтті.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter-де журналистерді кәсіби мерекемен құттықтады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
«Бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтаймын. Жаһандық тұрақсыздық жағдайында, оның ішінде, пандемияға қарсы күресте сіздердің қызметтеріңіздің маңызы зор. Қоғамды жаңғыртуға бағытталған мемлекеттік саясатты жүзеге асыруға қосқан үлестеріңіз үшін алғыс білдіремін. Сіздерге табыс және бақ-береке тілеймін!»,- деп жазды мемлекет басшысы.