Қасым-Жомарт Тоқаев Германияға барды

0
727

Қазақстан Президенті Канцлер Ангела Меркельмен келіссөздер өткізеді.


Қасым-Жомарт Тоқаев Германияға барды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Германияға ресми сапармен барды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы ҚР Президентінің Баспасөз хатшысы Берік Уәли facebook парақшасында жазды.

"Бүгін Қазақстан Президенті Канцлер Ангела Меркельмен келіссөздер өткізеді. Мемлекеттер басшылары екіжақты қарым-қатынастардың жай-күйі мен даму перспективаларын талқылайды. Қасым-Жомарт Тоқаев сапар барысында Президент Франк-Вальтер Штайнмайермен және ГФР-дің белгілі саясаткерлерімен кездеседі" - деп жазады баспасөз хатшысы.

Мемлекет басшысы 6 желтоқсан күні Берлин Еуразиялық Клубының 28-отырысына қатысып, сөз сөйлейді. Сондай-ақ бірқатар неміс компанияларының басшыларымен кездесу өткізеді.

Еске салсақ, 5-6 желтоқсанда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Германия Федеративтік Республикасына ресми сапармен баратындығы туралы хабарлаған болатынбыз.