Қасым-Жомарт Тоқаев Корея Президентін әуежайдан шығарып салды

0
346

12 маусым күні Корея Республикасының Президенті Юн Сок Ёль қазақстанға келді.


Қасым-Жомарт Тоқаев Корея Президентін әуежайдан шығарып салды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев елімізге мемлекеттік сапары аяқталған Корея Республикасының Президенті Юн Сок Ёльге құрмет көрсетіп, елорда әуежайынан шығарып салды, деп хабарлайды ERNUR.KZ Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Айта кетейік, кеше, 12 маусым күні Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада Корея Республикасының Президенті Юн Сок Ёльді қарсы алды.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Юн Сок Ёль шағын құрамда және кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді.