​Қасым-Жомарт Тоқаев ресми сапармен Ресейге барды

0
1 272

Мемлекет басшысы сапары аясында РФ Президенті Владимир Путинмен келіссөз өткізеді.


​Қасым-Жомарт Тоқаев ресми сапармен Ресейге барды

ERNUR.KZ. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясына ресми сапармен барды, деп жазады ҚазАқпарат.

Бұл Қасым-Жомарт Тоқаевтың Мемлекет басшысы лауазымындағы алғашқы сапары. Бұған дейін Қазақстан Президенті "Российская газета" басылымына берген сұхбатында бүгінде қазақстандық-ресейлік қарым-қатынас мемлекетаралық байланыстардың эталоны ретінде қызмет ете алатындығын айтқан болатын.

Мемлекет басшысы сапары аясында РФ Президенті Владимир Путинмен келіссөз өткізеді. Келіссөз барысында саяси, сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты ынтымақтастық мәселелері, сондай-ақ өзекті аймақтық және халықаралық тақырыптар талқыға түспек.

Сапар қорытындысында бірқатар екіжақты құжатқа қол қойылатындығы жоспарланған.