Қасым-Жомарт Тоқаев ревакцинациядан келесі жылдың қаңтар айында өтеді

0
578

Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли өзінің Facebook парақшасында жазды.


Қасым-Жомарт Тоқаев ревакцинациядан келесі жылдың қаңтар айында өтеді

ERNUR.KZ. Мемлекет басшысы келесі жылы қаңтар айында қайта вакциналаудан өтеді, деп жазады inform.kz

Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли өзінің Facebook парақшасында жазды.

«Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың COVID-19 індетіне қарсы вакцинаны қайта салдыруына қатысты маған көптеген сұрақ келіп жатыр. Дәрігерлердің кеңесіне сәйкес Мемлекет басшысы келесі жылы қаңтар айында қайта вакциналаудан өтеді. Президент халыққа қолжетімді екпелердің бірін салдыратын болады», - делінген хабарламада.