Қасым-Жомарт Тоқаев «Таза табиғат» жобасын жүзеге асыруды ұсынды

0
2 557

Мемлекет басшысы Ұлыстың ұлы күнін жаңаша атап өту туралы ойымен бөлісті.


Қасым-Жомарт Тоқаев «Таза табиғат» жобасын жүзеге асыруды ұсынды

ERNUR.KZ. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Таза табиғат» жобасын жүзеге асыруды ұсынды. Бұл туралы ол Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеуге дайындық жөніндегі мемлекеттік комиссияның бірінші отырысында айтты, деп жазады ҚазАқпарат.

Мемлекет басшысы елдегі көрікті жерлердің жыл өткен сайын жұтаңданып бара жатқанына алаңдап, «Таза табиғат» жобасын жүзеге асыруды ұсынды. Экологиялық бастамалар жыл сайынғы тұрақты жұмысқа ұласып, өмір салтына айналуы шарт екенін жеткізді. Осы ретте Ұлыстың ұлы күнін жаңаша атап өту туралы ойымен бөлісті.


«Бабаларымыз Әз Наурыз келгенде бұлақтың көзін ашып, ағаш отырғызған. Осы тамаша дәстүрді жаңа қарқынмен жалғастырайық. Табиғатты тазалап, қоршаған ортаны көгалдандыруды қолға алайық. Мұндай шараларды барлық аймақта ұйымдастыруымыз қажет. Бұл – ата салтымыз әрі ұрпаққа экологиялық тәрбие берудің ең тиімді жолы», – деді Президент.