​Қасымов полицейлердің қылмысты қалай жасырып келгенін мәлімдеді

0
1 168

Министрдің айтуынша, жағдайдың ушығып бара жатуына байланысты елде қылмысты жасырғаны үшін қылмыстық жауапкершілікке баратындай заңға өзгерту енгізілген.


​Қасымов полицейлердің қылмысты қалай жасырып келгенін мәлімдеді

ERNUR.KZ. Қазақстан ішкі істер министрі Қалмұхамбет Қасымов полицияның статистика "тұтқынында" болып келгенін мәлімдеді, деп жазады Tengrinews.kz.

"Құқық қорғау органдарын реформалауды баяғы да бастадық. Шынымен де полиция ескі статистикалар мен бағалардың "тұтқынында" болып келді. Полицейлердің жұмысын қанша қылмыстың беті ашылғанымен есептеп келдік. Ішкі істер органдары кей жерлерде қылмысты жасырып та келген. Тек статистикаға жұмыс істеген сәттер болды. 2011 жылдан бастап Бас прокуратурамен бірге 100 пайыздық тіркелу шарасын қолға алдық, соның арқасында жергілікті халықпен қарым-қатынас жақсара түсті", - деді Қасымов.

Министрдің айтуынша, жағдайдың ушығып бара жатуына байланысты елде қылмысты жасырғаны үшін қылмыстық жауапкершілікке баратындай заңға өзгерту енгізілген. Осылайша жағдай дұрысталды.

"Тонау, ұрлық мәселесі бойынша мәселелер бар. Біздің елде қылмыстың 70 пайызы - ұрлық, осы мәселегі байланысты арнайы бағдарлама жасақталды", - деді ІІМ басшысы.