Қатаң карантин бойынша түпкілікті шешім жақында қабылданады

0
549

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Үкімет 2 күннің ішінде қатаң карантин шараларын енгізу бойынша ұсыныс әзірлеуі тиіс.


Қатаң карантин бойынша түпкілікті шешім жақында қабылданады

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында Қазақстанда қатаң карантин шараларын қабылдауға қатысты пікірін бөлісті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

«Аймақтардағы эпидемиологиялық ахуал мен бизнеске ықпалды есепке ала отырып, біз бірнеше нұсқаны ұсындық: карантин енгізу немесе қатаң шектеу шараларын енгізу. Оның бәрі қазір қаралып жатыр. Түпкілікті шешімді мемлекеттік комиссия жақын арада қабылдайды», - деді Денсаулық сақтау министрі.
Айта кетейік, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Үкімет 2 күннің ішінде осы жылдың наурыз-мамыр айындағыдай қатаң карантин шараларын енгізу бойынша ұсыныс әзірлеуі тиіс.
Сондай-ақ министр осы жылдың тамыз айының соңына дейін еліміздегі стационарларда қосымша 10 мың төсек-орын даярланатынын мәлім етті.