Қайрат Нұртас балаларын наурыз айында елге таныстыратын болды

0
3 024

​ERNUR.KZ. Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы, шоу бизнестегі сұранысқа ие әншілердің бірі Қайрат Нұртас наурыз айында өтетін шығармашылық кешінде елге өз перзенттерін көрсететін болды. Өнер иесінің ұл-қыздары бұл концертте өнер көрсетпек. Бұл туралы әншінің анасы әрі продюсері Гүлзира Айдарбекова өзінің инстаграм парақшасында мәлім етті.


Қайрат Нұртас  балаларын наурыз айында елге таныстыратын болды

Фото: Қайрат Нұртастың желідегі парақшасынан алынды

ERNUR.KZ. Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы, шоу бизнестегі сұранысқа ие әншілердің бірі Қайрат Нұртас наурыз айында өтетін шығармашылық кешінде елге өз перзенттерін көрсететін болды. Өнер иесінің ұл-қыздары бұл концертте өнер көрсетпек. Бұл туралы әншінің анасы әрі продюсері Гүлзира Айдарбекова өзінің инстаграм парақшасында мәлім етті.

«Алла амандық берсе, осы концерттен менің «Ешкімге көрсетпеймін, ешкімге ұстатпаймын» деп жүрген немерелерімнің өнерін тамашалайтын боларсыздар. Қайратымның «Жүрегім сен келгелі бақытты» атты кешінде жолыққанша, ағайын. Шымкент 7 наурыз, Ақтөбе 8 наурыз" деп жазды продюсер. Бұл жазба әншінің тыңдармандарын қызықтырып қойғаны соншалық, олар осы күнді тағатсыздана күтіп отырғанын жарыса жазды. Айта кетейік, былтыр жыл соңына қарай Қайрат Нұртас он жыл бойы жасырып келген жарын көпшілікке таныстырған болатын. Яғни, өнер жұлдызының жары Жұлдыз Әбдікәрімова әнші түсірген «Арман. Когда ангелы спят» атты фильмде басты рөлді сомдап, өнер иесінің жары өзінің актрисалық шеберлігімен көпшіліктің жүрегін бір сәтте жаурап алды. Кинотуындыны тамашалағандардың көбі Жұлдыз Әбдікәрімованың актрисалық қабілетін әлемдік жұлдыз Анджелина Джолиге ұқсатып, төрт баланың анасы Жұлдыз жары егер шетелде тұрғанда әлемге танымал актриса болар еді деген болжам жасады.