Қазақ-қытай шекарасындағы қос бекет қайта ашылады

0
1 444

Қазір бекеттен өткізілетін тауарлардың регламенті белгіленіп жатыр.


Қазақ-қытай шекарасындағы қос бекет қайта ашылады

ERNUR.KZ. Қазақ-қытай шекарасындағы «Қалжат-Дулат» және «Майқапшағай-Зимунай» бекеттері қайта ашылады. Премьер-министрдің бірінші орынбасары Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен ведомствоаралық кеңестің кезекті отырысында осындай шешім қабылданды, деп хабарлайды Atameken Business.

Қазір бекеттен өткізілетін тауарлардың регламенті белгіленіп жатыр. Бұл әсіресе, автокөлік пен «жасыл дәліз» арқылы жүргізілетін азық-түлікке қатысты.

Әзірге тек «Нұр жол» бақылау бекеті ғана жұмыс істеп тұр. Онда да контактісіз жүк өткізу тәртібімен ғана. Қаржы министрлігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, биылғы жылдың 9 айында қазақ-қытай шекарасынан жүк тасымалдау көрсеткіші 2019 жылмен салыстырғанда 70%-ға азайған.