Қазақстан - Қытай шекарасы жабылды

0
907

Шекара Қытайдағы айдаһар-қайықтар мерекесіне байланысты жабылды.


Қазақстан - Қытай шекарасы жабылды

ERNUR.KZ. Қазақстан - Қытай шекарасы 25 маусымда жабылды. Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі айтты, деп жазады Tengrinews.kz.

ҰҚК мәліметінше, шекара Қытайдағы айдаһар-қайықтар мерекесіне байланысты жабылды. Мұның жыл сайынғы тәжірибе екені айтылады: екі ел арасында "Қазақстан-Қытай шекарасы арқылы өткізу пункттері туралы" 4-бапта жазылған келісім жасалды.

Комитеттегілердің айтуынша, 26 маусымда шекара қайта ашылады.

Айта кетейік, Қытайда бұл күні түрлі-түсті қайықтармен есуден жарыстар ұйымдастырылады. Мереке ЮНЕСКО-ның материалдық емес мәдени мұрасының тізіміне енген.