Қыздың жоғалып кеткені туралы ақпарат әлеуметтік желіде тарады.
ERNUR.KZ. Алматы полициясы із-түзсіз жоғалған «Қазақстан аруы-2019» байқауының финалисін іздестіріп жатыр, деп жазады ҚазАқпарат.
Қыздың жоғалып кеткені туралы ақпарат әлеуметтік желіде тарады.
Гүлнұр Нұртаза - « Қызылорда аруы-2017» байқауының жеңімпазы.
Алматы қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, Алатау аудандық полиция басқармасына жоғалған қыз туралы арыз кеше кешке құрбысынан түсті.
«Бүгін іздестіру ісі ашылды. Жедел шаралар кешені жүргізілуде»,- деп хабарлады полициядан.
Жоғалған күн: 2021 жылғы 26 сәуір.
Белгілері: бойы 183 см, арық денелі, шашы ұзын, көзі қоңыр..
Киім: сұр жемпір және қызғылт түсті рюкзагі болған.
Соңғы рет оны Барахолка ауданында көрген.