"Қазақстан аумағы Ресей тарапынан жасалған сый": Ресей СІМ даулы мәлімдемеге пікір білдірді

0
474

Бұл мәлімдемелер Қазақстан қоғамында қызу талқыланып, азаматтардың наразылығын тудырды.


ERNUR.KZ. Ресейдің Сыртқы істер министрі Сергей Лавров "Хабар агенттігінің" басқарма төрағасы Ерлан Бекхожинге берген сұхбатында Ресей думасы депутаттарының "Қазақстан территориясы Ресей тарапынан жасалған сый" деген мазмұндағы даулы мәлімдемесіне пікір білдірді, деп жазады qamshy.kz.

"Саясаткерлер мансабын әртүрлі жасайды. Сенсациялық мәлімдемеге құмарлары бар. Қоғамда пікір туғызатын жайттарды көтеріп, есте сақталып қалғысы келеді. "Бастысы, газеттің алғашқы бетіне шықсақ болды" дегендей. Бірақ Ресей Федерациясының Қазақстанға деген көзқарасын айқындайтын нағыз көшбасшылар мұндай қадамға бармайды. Ешқашан олай жасамайды да. Өйткені ол одақтастығымызға, арада жасалған келісімдерге сай келмейді. Біз бір-біріміздің тәуелсіздігіміз, аумақтық тұтастықтығымыз, саяси көзқарастарымызды сыйлауымыз керек. Қарым-қатынасты мемлекет басшылары қол қойған құжаттар, парламенттер бекіткен заңдар, халықаралық құқық нормалар негізінде жалғастырамыз. Осындай арандатушылық бағыттағы мәлімдемелер демократияның бір құндылықтарына айналып кетті. Олар тек белгілі бір ортада талқыланып қалуы қажет. Нақты саясатқа келгенде арандатушылық болмайды деп сендіремін", – деді Лавров.


Былтыр желтоқсанда Ресей мемлекеттік бірнеше депутат Қазақстан территория Ресей тарапынан жасалған сыйлық екеніне меңзеп, оны Ресейге қайтаруы керектігі туралы мәлімдеме жасаған.

Бұл мәлімдемелер Қазақстан қоғамында қызу талқыланып, азаматтардың наразылығын тудырды. Бастапқыда Қазақстан Сыртқы істер министрлігі наразылық нотасын жарияласа, артынша президент Қ.Тоқаев 2020 жылғы жаңа жылдық құттықтауында, сондай-ақ 2021 жылғы 5 қаңтарда жарияланған "Тәуелсіздік бәрінен қымбат" атты мақаласында "біз ұлттық мүддені аспен де, таспен де қорғауға дайын болуымыз қажет" деп даулы мәлімдемелерге жауап берген.