Қазақстан ипотекалық компаниясы мұғалім мен дәрігерге арналған жеке жоба әзірледі

0
573

Жаңа жоба бойынша мұғалімдер және дәрігерлерге тұрғын үй беру беру бағдарламасының жаңа тәртібі мен үйдің құны анықталған.


Қазақстан ипотекалық компаниясы мұғалім мен дәрігерге арналған жеке жоба әзірледі

ERNUR.KZ. Қазақстан ипотекалық компаниясы мұғалім мен дәрігердің тұрғын үй мәселесін шешу үшін жеке жоба әзірледі, деп жазады ҚазАқпарат.

Жоба туралы «Қазақстан ипотекалық компаниясы» ИҰ»АҚ клиенттерге қызмет көрсету бөлімінің басшысы Әсел Кәкетаева Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің онлайн баспасөз мәслихатында айтып берді.

Жаңа жоба бойынша мұғалімдер және дәрігерлерге тұрғын үй беру беру бағдарламасының жаңа тәртібі мен үйдің құны анықталған.


«Қазақстан ипотекалық компаниясы 2015 жылдан бастап 4 жыл шамасында 18 500-ден астам жалға алушы арасында 1 млн шаршы метрден астам үй жалға берді. Осы әлеуметтік бағдарламаны табысты жүзеге асыру арқасында компания мұғалімдер мен дәрігерлердің тұрғын үй мәселесін шешу үшін бағдарламаның жеке жобасын әзірлеп, ұсынды», - дейді Әсел Кәкетаева.


Оның айтуынша, осы жобаны іске асыру барысында аталған компания бірнеше министрлікпен келісіп, жаңа жобаға қол қойылған.


«Оның ішінде ҚР Білім және ғылым министрлігі мен ҚР Денсаулық сақтау министрлігімен бірігіп жаңа жоба бастадық. Жаңа жоба бойынша мұғалімдер және дәрігерлерге тұрғын үй беру беру бағдарламасының жаңа тәртібі мен үйдің құны анықталды. Тағы бір айтып өтетін жағдай, 2019 жылы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі мұғалімдер мен дәрігерлерге 244 пәтер беруге шешім қабылданған. Біздің бағдарламаға қатысу үшін үміткерлер жұмыс орнына қажетті құжатын тапсырады. Қатысушылардың тізімі әкімдік пен министрлікте қаралады. Негізгі тізімдер, төлем қабілеттілігі «Қазақстан ипотекалық компаниясында» қаралады», - дейді ол.


Сондай-ақ, ол бағдарламаның негізгі талаптарын атап өтті.


«Сатып алу құқығымен жалға алу мерзімі 20 жылға дейін. Бастапқы жарна талап етілмейді. Тұрғын үй жалдау мерзімі аяқталғаннан кейін үй жалға алушының меншігіне өтеді. Кез келген жалға берілетін тұрғын үйді мерзімінен бұрын сатып алу ұсынылады. Елордада 1 шаршы метр үйдің жалдау құны - 1 455 теңге.Төлем қабілеті расталған жағдайда компанияның сайтына кіріп, жалға алғыңыз келетін пәтерді таңдауға болады», - дейді Әсел Кәкетаева.