Қазақстан қайырымдылық жасаудан 96-орында тұр

0
1 371

Оған шамамамен 150 мыңнан астам адам қатысыпты. Сонымен, әрбір бесінші адам өмірінде бір рет болса да қайырымдылық жасап, еріктілер құрамында болған екен.


Қазақстан қайырымдылық жасаудан 96-орында тұр

ERNUR.KZ. Әлемдік рейтингтің қорытындысы осындай. Игі іс жасап жүргендердің қатары қанша? Қайырымдылықтан қай ел көш бастап тұр? Мынадай қызық деректер анықталды.Әлемдік рейтинг жасау үшін 146 елдің тұрғындары сауалнамаға жауап берген, деп жазады 24.kz.

Оған шамамамен 150 мыңнан астам адам қатысыпты. Сонымен, әрбір бесінші адам өмірінде бір рет болса да қайырымдылық жасап, еріктілер құрамында болған екен.

Зерттеу нәтижесі бойынша, сауалнамаға қатысқандардың жартысынан көбі өздері танымайтын жандарға қол ұшын беруді әдетке айналдырған. Сондай-ақ олардың 30 проценті қайырымдылық ретінде коммерциялық емес ұйымдарға ақша аударған. Негізінен әлемде жақсылық жасаушылардың көбі ер адамдар екен. Бірақ былтырдан бері еріктілердің қатарында әйелдердің де саны артқан.

Бұл ретте белгілі әлеуметтанушы Дейв Адамс ерікті болуға итермелейтін себептердің тізімін жасаған. Игі істер денсаулыққа оң әсер етіп, адам өмірін ұзартады екен. Сондай-ақ жеке тұлға ретінде дамуға көмектеседі.

Рейтингке қайта оралсақ, қайырымдылық жасаудан көш басында Индонезия, Австралия, Жаңа Зеландия, АҚШ және Ирландия тұр. Айтпақшы, америкалықтар – мейірімді жандарды қолдаған алғашқы мемлекет. Онда күн сайын жеті жаңа қайырымдылық ұйымы құрылады. Ауғанстан, Морокко және Йемен елдерінде керісінше. Ал Қазақстан халқының 28 проценті қайырымдылықпен айналысады екен.

Елордаға 1 триллионнан астам инвестиция тартылған Астанада орта және шағын бизнес үлесі 61 процентке жетті. Өткен жылы елордаға 1 триллионнан астам қаржы тартылған. Оның 71 проценті бизнеске инвестицияланған. Бүгінде Астанада 125 мың кәсіпкерлік суъектісі тіркелген. Бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 30 процентке жоғары.

Жапониямен 1,7 млрд долларға сауда жасалған 2018 жылдың 11 айында Жапониямен екіжақты сауда-саттық 1,7 млрд АҚШ долларын құрады, соның ішінде Қазақстан экспорты 1,3 млрд долларға жеткен, ал Жапонияның елімізге жіберген импорт көлемі 447 млн долларды құраған. Айта кетейік, соңғы 10 жылда Жапонияның Қазақстан экономикасына тікелей құйған инвестициясы 6,3 млрд долларға жеткен. Жапония Қазақстандағы шетелдік инвесторлардың үздік ондығына кіреді. Бұл ел негізінен энергетика, сирек металдар, өнеркәсіп салаларына қаржы құяды.

Ал КASE-дегі соңғы сатылым бойынша доллар құны 377 теңге 68 тиынды құрады.