Бұл туралы денсаулық сақтау вице-министрі Ләззат Ақтаева айтты.
ERNUR.KZ. Қазақстан коронавирус жұқтырудың шарықтау шегіне өтіп жатыр, деп жазады Tengrinews.kz.
"Біз ауру жұқтырудың шарықтау шегіне өтіп жатырмыз. Дәрежесі 100 мың тұрғынға 7 адамнан келеді. Осыған байланысты толық масштабта скрининг бастап жатырмыз, бұл скринингтен әсіресе елді мекендердің тұрмысын қамту мен жұқтыру қаупі жоғары қызметке тартылғандар өтеді. 20 сәуірге дейін белсенді түрде тестілеу өткіземіз", - деді Ақтаева брифингте.
"Мұнымен қатар, медициналық ұйымдар эпидемияға қарсы күшейтілген режимге өтеді, мұнда әрбір науқас жұқтырған деген күдікті ретінде қаралады, сондықтан дәрігерлер жеке қорғаныш құралдарымен ғана көмек көрсетеді", - деді ол.
Ақтаеваның айтуынша, медұйым жетекшілері персоналды қорғаныш құралдармен қамтамасыз етуі керек, себебі олардың өміріне жауапты.
"Дәрігерлерді науқастармен жұмыста сақ болуға шақырамыз, барлық қауіпсіздік шарасын сақтау керек", - деді вице-министр.