Медициналық бетперделер мәселесі Үкіметтің тұрақты бақылауында тұр.
ERNUR.KZ. Үкімет басшысының орынбасары Ералы Тоғжанов күніне 1 млн маска шығаруды көздеп отырғандарын айтты, деп жазады baq.kz.
Елбасының халыққа арнаған үндеуі сәйкес Үкімет қызметкерлердің еңбек құқықтарын сақтауға ерекше назар аударатын болады. Қазіргі таңда бұрынғы жұмыс орындарын сақтаумен қатар 431 мың жаңа жұмыс орнын ашу міндеті тұр.Осыған орай, үкімет тарапынан 300 млрд теңге қарастырылып, жұмыспен қамту жол картасы әзірленді. Мекеме басшыларын, бизнес қоғамдастығын жұмысшылардың еңбек құқықтарын қамтамасыз ету, қысқартуға жол бермеу арқылы әлеуметтік келеңсіздіктердің алдын-алуға шақырамын, - деді Ералы Тоғжанов.
Медициналық бетперделер мәселесі бұл Үкіметтің тұрақты бақылауында тұрған жұмыс.
Қазақстанда күніне 365 мың маска шығарылады. Алдағы мақсат – күніне шығатын масканың санын 1 млн данаға жеткізу, - деді вице-премьер.