2015 жылы «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК АҚ Қытайдың CGN ядролық-энергетикалық корпорациясымен бірге Үлбі металлургиялық зауыты базасында АЭС-ке қажетті ядролық отын шығаратын «Үлбі-ЖБҚ» бірлескен кәсіпорнын құрды.
ERNUR.KZ.Қазақстан Қытайға атом электр станциясында қолданылатын ядролық отынның үшінші партиясын жеткізді, деп жазады inform.kz.
Қытайдың Янцзы қаласындағы АЭС-те қазақстандық өндірістің жылу бөлетін жинақтарын қабылдау салтанатына қатысқан «Самұрық-Қазына» қорының басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов екі ел арасындағы жоғары жетістікті атап өтті.
«Бұл жоба біздің елдеріміздің жоғары технологиялық өндірістерді жүзеге асыра алатындығының дәлелдеп отыр. CGN тобы, сондай-ақ Қазатомөнеркәсіп, Үлбі металлургиялық зауыты және Үлбі-ЖБҚ басшылығының жеке үлесін ерекше атап өткім келеді. Соның арқасында біздің командалар өндірістік жоспарлар мен міндеттерді орындай алды», - деді Нұрлан Жақыпов.Айта кетейік, 2015 жылы «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК АҚ Қытайдың CGN ядролық-энергетикалық корпорациясымен бірге Үлбі металлургиялық зауыты базасында АЭС-ке қажетті ядролық отын шығаратын «Үлбі-ЖБҚ» бірлескен кәсіпорнын құрды. Өндіріс 2021 жылдың қараша айында іске қосылды.