Қазақстан мектептерінде орыс тілін оқытудан бас тартуға бола ма – Министр жауап берді

0
890

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында журналистер министрден қазақ мектептерінде балалардың орыс тілін үйренуге не себепті міндеттелетінін және балама ретінде неге басқа тілдер оқытылмайтынын сұрады.


Қазақстан мектептерінде орыс тілін оқытудан бас тартуға бола ма – Министр жауап берді

ERNUR.KZ. Оқу-ағарту Ғани Бейсембаев қазақ мектептерінде орыс тілін оқыту неге міндетті екенін түсіндірді, деп жазады stan.kz.

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында журналистер министрден қазақ мектептерінде балалардың орыс тілін үйренуге не себепті міндеттелетінін және балама ретінде неге басқа тілдер оқытылмайтынын сұрады.

Министр мектептерге арналған мемлекеттік стандарттарға сәйкес қазақ және орыс тілдерін оқу міндетті екенін түсіндірді.

“Қазақ немесе басқа мектептерде дәл қазіргі күні сабақтар бекітілген мемлекеттік стандарттар мен оқу бағдарламалары негізінде жүргізіледі. Демек оқу процесін мектеп басшылығы қабылданған нормативтік-құқықтық актілер негізінде ұйымдастырады. Қосымша тілдерді оқыту қашанда болған. Бұл тек ағылшын тілі ғана емес, сонымен бірге француз тілі және басқа да тілдер. Ал егер мектепті нақты біл тіл мұғалімі болса, онда сол тілді оқытып, дамытуға болады. Бұл енді басқа сұрақ, - деді Бейсембаев.

Сондай-ақ ол тек министрдің бұйрығымен мемлекеттік стандартты өзгерту мүмкін еместігін айтты. Оқушылардың таңдауы бойынша факультатив түрінде басқа тілдер оқытылады.

“Жалпы факультатив сабақтарда басқа да тілдер үйретіледі. Мектеп және оқушылар қытай немесе француз тілдерін үйренгісі келсе, бірақ тиісті мұғалім болмаса, оқушылардың қалауын жүзеге асыру мүмкін емес. Ол үшін маман іздеу керек. Ал жағдай бар жерде мектеп пен оқушылардың таңдауы бойынша факультатив түрінде басқа тілдер оқытылады”, - деді ол.