Қазақстан мен Германия 700 млн доллардың жобасын іске асыруға келісті

0
948

Соңғы 14 жыл ішінде Германия компанияларыҚаақстанға $5 млрд-қа жуық инвестиция салған.


Қазақстан мен Германия 700 млн доллардың жобасын іске асыруға келісті

ERNUR.KZ. Берлинде Қазақстан-Герман бизнес форумы алаңында инвестициялау жөнінде келіссөздерге қол жеткізілді, деп жазады baq.kz.

Жобаларды іске асыру жөніндегі құжаттарға Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың желтоқсан айында Герман Федеративтік Республикасына ресми сапары барысында қол қойылады деп жоспарлануда.

Форум екі елдің іскерлік топтарының 200-ден аса өкілдерін жинады. Шара барысында инвестициялық және сауда-экономикалық салалардың әлеуетті жобалары қарастырылды, мүмкіндіктер мен өзара әріптестіктің жаңа горизонттарын жарықтандыру жөнінде міндеттерге қол жеткізілді.

"Экономикалық дамудың шикізаттық бағытынан кету үшін Қазақстан отандық экономиканы жаңартуға және индустриаландыруға көшті. Индустриалды-инновациялық және "жасыл экономика базасын құру жаңа саясаттың негізі болды. Бұл тұрғыда жаңа технологиялар мен инновациялар салаларындағы көшбасшы ретіндегі Германия компанияларын серіктестікке тарту қазақстандық кәсіпкерлер үшін міндет болуы тиіс. Цифрлық технологияларды қолдану, сондай-ақ, Индустрия 4.0 элементтерін енгізу арқылы құрылатын жаңа салаларды дамыту ерекше өзекті мәселе", - деп атап өтті Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары Роман Скляр.

Бүгінгі таңда Германия Қазақстанның сыртқы экономикалық әріптестігіндегі жетекшілердің бірі болып табылады. Соңғы 14 жыл ішінде Германия компаниялары $5 млрд-қа жуық инвестиция салды. Неміс статистикалық ведомстволарының мәліметі бойынша 2018 жылы тауар айналымы тарихи мәресіне жетіп 5,1 млрд еуроны құрған.

"Бүгінгі Қазақстан - тиімді бизнес жүргізу үшін жаңа мүмкіндіктер мен әлеует негізі. Қазақстандық өсім болжамы таң қалдырады. Осылайша, ЕҚҚДБ болжамы бойынша 2019 жылы ЖІӨ 3,5%-ға артуы мүмкін. 2020 жылға арналған болжамдар Қазақстанның Еуразиялық экономикалық одақтағы қозғаушы күші екенін көрсетеді. Мұндай даму қазақстан-герман экономикалық қатынастарына оңтайлы ықпал еткеніне қуаныштымыз, мәселен, осы жылдың бірінші жартыжылдығында біз 2,7 млрд еуро құрайтын сомада тауар алмастық. Германияның Орталық Азиядағы сауданың 80%-ы бұрынғыдай Қазақстанмен жүргізіледі”, - дейді Герман экономикасы Шығыс комитетінің мүшесі, «Кнауф» Бас әріптесі Манфред Грундке.

Сонымен бірге, Герман экономикасының шығыс комитетімен бірлесіп, мемлекет басшысының сапары барысында қол қойылуы жоспарланған Инвестициялық жобалар тізімімен бірге "Сауда-экономикалық серіктестіктің жол картасының" жобасы әзірленді.

"Бұл форум Қазақстан мен Германияның саяси, экономикалық және сараптамалық топтары үшін тиімді алаң болды. Қазақстан инвестициялық климатты жақсартуға бағытталған реформаларды кезең-кезеңімен өткізуде. Кәсіпкерлермен ашық диалог қамтамасыз етілуді және инвестициялар тарту үшін инфрақұрылым жетілдірілуде. Форум алаңында өткізілген келіссөздердің нәтижесі ретінде, жақын арада жаңа өнеркәсіптер мен бірлескен кәсіпорындардың іске қосылуы болатынына сенімдімін”, - деп атап өтті Ульф Вокурка.

Екі жақ тараптар Қазақстан тұлғасында неміс бизнесі Орталық Азия өңірінде сенімді әріптеске ие екенін атап өтті. Бұдан басқа, Қазақстан өңірде еуропалық елдердің экономикалық мүдделерінің жол серігі болатынын алға тартты.