​Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы мемлекеттік шекара шегенделді

0
2 933

Бүгінде шекараның сызығы мен нүктелері картаға түсірілді.


​Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы мемлекеттік шекара шегенделді

ERNUR.KZ. Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы мемлекеттік шекараны деморкациялау туралы келісім еліміздің Парламент сенатының халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің кеңейтілген отырысында ратификацияланды, деп жазады 24.kz.

Қырғыз елінің жоғарғы кеңесінде де тиісті шаралар жүргізіліп жатыр. Бүгінде шекараның сызығы мен нүктелері картаға түсірілді. Айыр қалпақты ағайынмен ортақ шекараның жалпы ұзындығы 1 мың 257 шақырым болып белгіленді. Сондай-ақ Комитеттің кеңейтілген отырысында Қазақстан, Түрікменстан және Өзбекстан шекараларының түйісу нүктесінің ауданы туралы шартқа да қол қойылды.

Дархан Ділманов, ҚР ҰҚК Шекара қызметінің директоры:

Бүгінде ел шекарасының 50 пайызы заманауи техникамен толықтай жабылған. Атап айтар болсақ, Қытаймен арадағы шекара инженерлік техникамен 100 пайыз жабдықталған. Өзбекстанмен ортақ шекарамыз 50 пайыз, Қырғызстанмен 40 пайыз жабық. Алдағы 3-4 жыл ішінде Қырғызстан республикасымен арадағы шекараны инженерлік тұрғыдан толықтай жабуды жоспарлап отырмыз.