Қазақстан мен Қырғызстан шекарасында жер сілкінісі болды

0
450

Жер асты дүмпулері 20 қазанда Астана уақыты бойынша сағат 13:34-те ТЖМ "СТӘЭ" ЖШС сейсмикалық станциялар желісімен тіркелді.


Қазақстан мен Қырғызстан шекарасында жер сілкінісі болды

ERNUR.KZ. Қазақстан мен Қырғызстан шекарасында магнитудасы 4,9 жер сілкінісі болды, деп жазады tengrinews.kz.

Жер асты дүмпулері 20 қазанда Астана уақыты бойынша сағат 13:34-те ТЖМ "СТӘЭ" ЖШС сейсмикалық станциялар желісімен тіркелді.

"Жер сілкінісінің эпицентрі Алматыдан батысқа қарай 176 шақырым жерде Қазақстан мен Қырғызстан шекарасында орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 10,2. MPV магнитудасы - 4,9", - делінген хабарламада.