Қазақстан мен Қытай арасындағы визасыз режим әлі күшіне енген жоқ – ҚР СІМ

0
401

Бұл келісімге 2023 жылдың 17 мамырында Сиань қаласында қол қойылған.


Қазақстан мен Қытай арасындағы визасыз режим әлі күшіне енген жоқ – ҚР СІМ

ERNUR.KZ. Ал ҚХР мемлекетішілік бұл шаруаны әлі соңына жеткізбеген. Бұл туралы бүгін баспасөз мәслихатында Қазақстанның Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров айтты, деп жазады ulysmedia.kz.

Бұл келісімге 2023 жылдың 17 мамырында Сиань қаласында қол қойылған.

“Біз Қытай тарапынан мемлекетішілік процедуралардың аяқталғанын білдіретін хабарлама күтіп отырмыз. Екіжақты визасыз режимнің күшіне енгені жөнінде ақпарат Қазақстанның Сыртқы істер министрлігінің ресми сайтында жарияланып, БАҚ-та жарияланады”, – дейді Айбек Смадияров.

Оның айтуынша, кейбір БАҚ шілдеде “келісім күшіне енді” деп қате жазған.

“Екі жақ та мемлекетішілік құжаттарды аяқтағаннан кейін, бізге тиісті хабарлама келіп түскен соң 30 күннен кейін ғана визасыз режим күшіне енеді”, – дейді Смадияров.