Қазақстан мен Қытай арасындағы визасыз режим күшіне енді

0
2 913

Қазақстан мен Қытай өзара визасыз режим енгізу туралы келісімге Тоқаевтың мамыр айындағы ҚХР-ға сапары кезінде қол қойған.


Қазақстан мен Қытай арасындағы визасыз режим күшіне енді

ERNUR.KZ. Қазақстан Республикасының үкіметі мен Қытай Халық Республикасының үкіметі арасындағы визалық талаптардан өзара босату туралы келісім бекітілді, деп жазады ulysmedia.kz.

ҚР Үкіметінің 2023 жылғы 26 шілдедегі қаулысымен бекітілген келісімде тараптардың бірнің азаматтары, жарамды жол жүру құжаттарының иелері аумақ арқылы кіру, шығу, транзит үшін жеке істерді, туризмді, емдеуді, халықаралық тасымалдарды, транзитті, сондай-ақ іскерлік мақсаттарды (келісімшарттар жасасу, келіссөздер жүргізу, консультациялық қызметтер көрсету және басқа да іскерлік мақсаттарды) жүзеге асыру мақсатында екінші тараптың мемлекеттік шекарасын кесіп өткен сәттен бастап 30 күнтізбелік күннен аспайтын кезеңге 180 күнтізбелік күн ішінде жиынтық 90 күнтізбелік күн визалық талаптардан босатылатыны айтылған.

Қазақстанның жарамды жол жүру құжаттары:

  • ҚР азаматының паспорты;
  • ҚР-ға оралу туралы куәлік.

Қытайдың жарамды жол жүру құжаттары:

  • ҚХР азаматының жартылай қызметтік паспорты;
  • ҚХР азаматының әдеттегі төлқұжаты;
  • ҚХР уақытша жол жүру құжаты.

Уағдаласушы тараптардың әрқайсысының екінші тараптың дипломатиялық арналары арқылы жазбаша хабарлама арқылы ұлттық қауіпсіздікті, қоғамдық тәртіпті немесе денсаулық сақтауды қамтамасыз ету мақсатында келісімнің қолданылуын уақытша, ішінара немесе толық тоқтата тұруға құқығы бар.

Қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енді.

Еске салайық, Қазақстан мен Қытай өзара визасыз режим енгізу туралы келісімге Тоқаевтың мамыр айындағы ҚХР-ға сапары кезінде қол қойған.

Сол сапарында Қазақстан президенті екі ел арасында визасыз режим енгізу туралы пікір білдірген.