Қазақстан мен Өзбекстанның мемлекеттік шекарасы түбегейлі шегенделді - СІМ

0
1 139

19 жылдық процесс толық аяқталды.


Қазақстан мен Өзбекстанның мемлекеттік шекарасы түбегейлі шегенделді - СІМ

ERNUR.KZ. Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Айбек Смадияров қазақ-өзбек шекарасы туралы дәстүрлі брифинг барысынлда айтты, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

«2023 жылғы 4 шілдеде Қазақстан-Өзбекстан мемлекеттік шекарасын шегендеу туралы шарт күшіне енді. Шартқа 2022 жылғы 22 желтоқсанда Ташкентте екі мемлекеттің басшысы қол қойды. Осы шарттың күшіне енуі Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы мемлекеттік шекараны халықаралық құқықтық шегендеудің 19 жылдық процесінің толық аяқталуын білдіреді»,- деді Айбек Смадияров.

Ол атағандай, екі мемлекеттің арасындағы шарт күшіне ену үшін 100 раундтан тұратын келіссөз жүргізілген.

«Ұзындығы 2357 шақырым болатын шекара сызығы 1301 шекаралық белгімен белгіленіп, көлемі 8 мың парақтан асатын шегендеу құжаттары көрсетілды. Осы оқиға мемлекеттік шекара ауданында қауіпсіздік пен тұрақтылықты нығайтуға, екіжақты өңіраралық және шекара маңындағы өзара іс-қимылды тереңдетуге ықпал етеді», - деді СІМ өкілі.