Қазақстан мен Ресей көмір ЖЭО салу жөнінде үкіметаралық келісім жасады

0
376

Тараптар «ИНТЕР РАО — Экспорт» ЖШҚ және «Самұрық-Энерго» АҚ атынан уәкілетті ұйымдарды анықтады.


Қазақстан мен Ресей көмір ЖЭО салу жөнінде үкіметаралық келісім жасады

Бүгін Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының энергетика министрліктері арасында Көкшетау, Семей және Өскемен қалаларында ЖЭО салу жобалары бойынша ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Тараптар «ИНТЕР РАО — Экспорт» ЖШҚ және «Самұрық-Энерго» АҚ атынан уәкілетті ұйымдарды анықтады.

«Үш облыс орталығында — Семей, Көкшетау және Өскеменде үш жаңа ЖЭО іске асыру энергетикалық көмірдің мол қорын ескере отырып, олардың одан әрі дамуына қуатты серпін береді», — деп атап өтті ҚР Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев.

Қазақстан тарапынан уәкілетті ұйым «Самұрық-Энерго» АҚ атынан ағымдағы жылдың өзінде-ақ ЖЭО шоты бойынша бірінші іске асыруды бастау үшін тиісті жол картасын қалыптастырды.