Қазақстан рус қаз ЕАЭО еңбек мигранттарының қаржылық сауаттылығын арттыру үшін жоба әзірлеу ұсынды

0
220

Келіссөз барысында тараптар көші-қон саласындағы ынтымақтастықтың келешек бағыттарын талқылады.


Қазақстан рус қаз ЕАЭО еңбек мигранттарының қаржылық сауаттылығын арттыру үшін жоба әзірлеу ұсынды

фото: Sputnik / Алексей Филиппов

ERNUR.KZ. Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының басшысы Бақытжан Сағынтаев Женевада Халықаралық көші-қон ұйымының бас директоры Эми Поуппен келіссөз барысында ЕАЭО елдеріндегі еңбек мигранттарының қаржылық сауаттылығын арттыру бойынша пилоттық жобаны әзірлеуді ұсынды, деп жазады sputnik.kz.
“Біз Еуразиялық экономикалық одақ елдеріндегі еңбек мигранттарының қаржылық сауаттылығын арттыратын пилоттық жобаны әзірлеу және іске қосу мүмкіндігін қарастыруды ұсынамыз”, - деді Бақытжан Сағынтаев.
Келіссөз барысында тараптар көші-қон саласындағы ынтымақтастықтың келешек бағыттарын, атап айтқанда, Еуразиялық кеңістіктегі еңбек ресурстарының қозғалысын реттеу мәселелерін талқылады.
“ЕЭК біліктілікті салыстыру негізінде еңбекші мигранттардың кәсіби дағдыларын тану саласындағы халықаралық тәжірибеге қызығушылық танытады. Комиссия жыл сайын Еуразиялық экономикалық одақ елдеріндегі сұранысқа ие мамандықтардың тізімін жасайды. Тізбеге енгізілген мамандықтарға қатысты біліктілік талаптары қабылданады”, - делінген хабарламада.