Қазақстан түрік мердігерлеріне жарты жылда 674 миллион доллар төлеген

0
711

Түрік мердігерлері үшін осы жылдың бірінші жартысында 1,3 миллиард долларлық жобаны сеніп тапсырған ең үлкен нарық - Замбия.


Қазақстан түрік мердігерлеріне жарты жылда 674 миллион доллар төлеген

ERNUR.KZ. Қазақстанда түрік мердігерлері алған жобалардың жалпы құны жылдың бірінші жартысында 674 миллион долларға жетті, деп жазады Tengrinews.kz.

Түркияның мердігерлер одағының 2021 жылғы шілдедегі құрылыс секторын талдау жөніндегі есебіне енгізілген Түркияның сауда министрлігінің деректеріне сәйкес, бірінші жартыжылдықта түрік мердігерлері 33 елде 6,5 миллиард долларға 100 жобаны іске асырған.

Түрік мердігерлері үшін осы жылдың бірінші жартысында 1,3 миллиард долларлық жобаны сеніп тапсырған ең үлкен нарық - Замбия. Содан кейін Словения - 748 миллион долларға жоба. Қазақстан 674 миллион доллармен үшінші орында тұр.

Жобалардың құны бойынша алғашқы бестікке 543 миллион доллармен Әзербайжан мен 405 миллион доллармен Ресей кірді.

Түркияның мердігерлер одағы алдағы жылдары шетелдегі жобалар құнын 20 миллиард долларға жеткізуді мақсат етіп отыр.

Бұған дейін әлеуметтік желілерде Түркістандағы "Керуен-сарай" туристік кешенінің қабырғасы құлап жатқан кадрлар пайда болды. Суреттен қабырға жамылғысының артында пенопласт тәрізді материал қолданылғанын көруге болады.

Sembol construction түрік компаниясының басшысы Ибрахим Бей пенопласт тек сән үшін қолданылғанын айтты.