​Қазақстанда 2018 жылдың алты айында ең көп сатылған автокөліктер анықталды

0
1 737

Биыл маусым айында мамырмен салыстырғанда жаңа автокөліктер сатылымы 5%-ке артқан.


​Қазақстанда 2018 жылдың алты айында ең көп сатылған автокөліктер анықталды

Биыл маусым айында мамырмен салыстырғанда жаңа автокөліктер сатылымы 5%-ке артқан. Қазақстандық дилерлер маусымда 5314 жеңіл автокөлік пен жеңіл коммерциялық техника, 249 бірлік жүк көлігі мен автобус сатқан. 2018 жылдың жарты жылдығының қорытындысы бойынша нарық 35,7%-ке өсіп, сатылған автокөлік саны 27 162-ге жеткен. Автокөлік сатылымына дейін өскен (2017 жылы қаңтар-ақпанда 20015 бірлік), деп хабарлайды ERNUR.KZ Baq.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Қазақстан АвтоБизнес ассоциациясының мәліметінше, маусымда ең көп сатылған жеңіл автокөліктердің ондығында екінші ай қатарынан Toyota көш бастады (1 437 автокөлік). Ол 6 ай нәтижесі бойынша 5 599 автокөлікпен алғашқы орынға тұрақтады (2017 жылғы осы мерзіммен салыстырғанда 41,4%-ке артқан).

Екінші орында – Lada (5879 автокөлік).

Үшінші орында – қостанайлық Hyundai (3398 бірлік).

Алғашқы ондықта Ravon (1 709 бірлік), Kia (1269 бірлік), Nissan (919 бірлік), Renault (712 бірлік), қостанайлық JAC (673 бірлік), Lexus (593 бірлік), Volkswagen (599 бірлік), UAZ (579 бірлік).

Коммерциялық техника рейтингінде ГАЗ өнімдері көш бастап тұр. Алғашқы жартыжылдықта 1 380 «ГАЗель» мен «ГАЗон» автокөлігі сатылған. Екінші орында – KAMAZ жүк көліктері (561авто), үшінші орында – Hyundai Trucks (110 авто).

Алғашқы ондықта Shacman (61), Daewoo автобустары (59), Foton (54), Урал (49), Scania (48) Mercedes-Benz коммерциялық техникалары (46) және Iveco (45).

І жарты жылдықта қазақстандықтар жаңа автокөлік, жүк көлігі мен автобус сатып алуға 232 млрд теңге жұмсаған. Toyota-ның алты айда саудадан тапқан табысы 76,2 млрд теңге, Hyundai 24,7 млрд теңге, Lada 18,7 млрд теңге.