Қазақстанда 2025 жылға дейін тағы 23 құс фабрикасын салынады

0
488

Осылайша импортты толық алмастыру жоспарланып отыр.


Қазақстанда 2025 жылға дейін тағы 23 құс фабрикасын салынады

ERNUR.KZ. 2025 жылға қарай Қазақстанда өндірілген құс етімен импортты толықтай алмастыру жоспарланып отыр. Бұл туралы Үкімет отырысында Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев мәлім етті, деп жазады Azattyq Rýhy.

Ауыл шаруашылығы министрінің мәліметінше, 2021 жылы құс еті бойынша импорт үлесі 168,5 мың тоннаны құраса, еліміздің өз өнімі 282,3 мың тоннаны құраған.

«Осылайша, 2025 жылға қарай жалпы өндірістік қуаты жылына 223,1 мың тонна болатын 23 құс фабрикасын салу және жаңғырту арқылы импортты толық алмастыру жоспарланып отыр», - деді Ербол Қарашөкеев.