Бұл туралы "Қазгидромет" синоптиктері болжам жасады.
7 тамызда Қазақстанның басым бөлігінде найзағай ойнап, нөсер жауын мен бұршақ жауады, ал кей өңірде әлі де ыстық ауа райы сақталады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Бұл туралы "Қазгидромет" синоптиктері болжам жасады.
Алматы облысының таулы аудандарында нөсер жаңбыр жауады. Облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай ойнап, бұршақ жауады, дауыл болады. Солтүстік-батыстан жел соғады найзағай кезінде 17-22, екпіні 28 м/с. 07 тамызда облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Алматыда найзағай. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Астанада найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с болады. Жоғары өрт қаупі сақталады.
Атырау облысында 35-38 градус қатты ыстық сақталады. Облыстың басым бөлігінде жоғары өрт қаупі, облыстың батысында, шығысында төтенше өрт қаупі бар.
Батыс Қазақстан облысының басым бөлігінде 35-37 градус қатты ыстық сақталады, облыстың басым бөлігінде жоғары өрт қаупі бар.
Ұлытау облысының солтүстігінде, орталығында, оңтүстігінде найзағай ойнап, күндіз бұршақ жауады. Солтүстік жел соғады, күндіз найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Қарағанды облысының солтүстігінде, орталығында, оңтүстігінде найзағай ойнап, күндіз бұршақ жауады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с болады, облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі бар.
Түркістан облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында найзағай ойнап, бұршақ жауады, дауыл болады. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында күші - 15-20 м/с. Облыстың шөлді аудандарында төтенше өрт қаупі сақталады.
Шымкентте таңертең және күндіз найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан жел соғады, таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.
Ақтөбе облысының шығысында, оңтүстігінде найзағай ойнайды. Желдің бағыты солтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа ауысады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с болады. Облыстың оңтүстігінде, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.
Солтүстік Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде найзағай, тұман. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде екпіні - 15-20 м/с. Облыстың солтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Ақмола облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, күндіз батысында, оңтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды. Күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында бұршақ жауады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с болады. Облыстың басым бөлігінде жоғары өрт қаупі, облыстың оңтүстігінде, батысында төтенше өрт қаупі сақталады.
Павлодар облысының оңтүстігінде найзағай. Солтүстік-шығыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетеді. Павлодар облысының оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі бар.
Жетісу облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында нөсер жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл болады. Батыстан жел соғады найзағай кезінде екпіні - 15-20 м/с. Мұнда да төтенше өрт қаупі сақталады.
Шығыс Қазақстан облысының шығысында, орталығында, күндіз басым бөлігінде найзағай ойнайды. Күндіз облыстың шығысында, оңтүстігінде бұршақ жауып, дауыл болады. Жел солтүстік-батыстан, батыстан соғады, облыстың шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с болады. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Абай облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында нөсер жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде бұршақ, дауыл. Жел солтүстік-шығыстан соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде 15-20, күндіз екпіні - 23 м/с, төтенше өрт қауіпі сақталады.
Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел батысқа ауысады, күндіз облыстың солтүстік-шығысында 15-20 м/с күтіледі. Күндіз облыстың басым бөлігінде 38-41 градус қатты ыстық сақталады, төтенше өрт қаупі сақталады.
Қызылорда облысының батысында, орталығында, күндіз облыстың басым бөлігінде найзағай, дауыл күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, облыстың батысында, орталығында найзағай кезінде 15-20, екпіні 23-28 м/с күтіледі, облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Қостанай облысының батысында, оңтүстігінде қатты жаңбыр жауады. Түнде облыстың батысында, оңтүстігінде, күндіз облыстың басым бөлігінде найзағай күтіледі. Күндіз облыстың шығысында, оңтүстігінде бұршақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, найзағай кезінде 15-20, екпіні 23 м/с. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Жамбыл облысының оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында найзағай, күндіз бұршақ жауып, дауыл болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с-қа жетеді, төтенше өрт қаупі сақталады.