Қазақстанда "Әлем ханымы - 2021" байқауы өтуі мүмкін

0
2 032

​Мемлекет қолдап, демеушілер табылып жатса, байқау Қазақстанда келесі жылы күзде немесе қыста ұйымдастырылуы мүмкін.


Қазақстанда

ERNUR.KZ. Қазақстанда келесі жылы "Әлем ханымы" байқауы өтуі мүмкін. Бұл туралы конкурстың Қазақстандағы ресми өкілі Арай Әлімхан мәлімдеді, деп жазады sputnik.kz.

"Негізі, байқау өткізу құқығы жеңімпаз елге беріле бермейді. Бірақ биыл конкурс онлайн өткендіктен, келесі жылы сіздерде өткізуге керемет мүмкіндік бар деді. Егер мемлекет қолдап, демеушілер табылып жатса, Қазақстан келесі жылы күзде немесе қыста ұйымдастыруы мүмкін", - деді Әлімхан астанада "Әлем ханымының" қатысуымен өткен баспасөз мәслихатында.

Айтуынша, ұйымдастырушылар екі аптадай ойланып, Қазақстанда өткізуге рұқсат берген.

"Олар бұған дейін байқауды Қытайда, Болгарияда, Еуропада, Оңтүстік Африкада және тағы басқа мемлекеттерде өткізді. Қазақстанды ешқашан қарастырмапты. Егер мемлекет тарапынан қолдап жатса, онда өткізесіздер дегенге келтірді", - деді ол.

Айта кетейік, 29 желтоқсанда астанада "Әлем ханымы 2020" атанған Жұлдыз Әбдікәрімова тәжін киді. Байқау жеңімпазының тәжі мен лентасы Болгариядан жеткізілген.

1-24 желтоқсан аралығында өткен дауыс беру нәтижесі бойынша Жұлдыз Әбдікәрімова 81 902 дауыс жинап, жеңімпаз атанды. Ал 1-орынды Орталық Еуропа атынан қатысқан Виктория Люб (Victoria Liub) алды. Ол 58 349 дауыс жинаған. 2-орын австриялық Юлия Игнатченкоға бұйырды. Оны байқауда 55 789 адам қолдады. 3-орынды Сібір өкілі Янина Ремезова иеленді. Ол 54 705 дауыс жинады.