Әскери спортшылар тоғыз салмақ дәріжесі бойынша сыңға түсті.
ERNUR.KZ. Жеті мемлекеттен келген армиялық қоян-қолтық ұрыстың үздік өкілдері ТМД чемпионы атағы үшін сыңға түсті. Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызсатн, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстан елдерінің 80-нен аса әскери спортшылары армиялық қоян-қолтық ұрыстан ТМД Чемпионатына қатысты, деп жазады Zakon.kz.
Турнир алғаш рет Қазақстанда – Алматы қаласындағы ҚР ҚМ Армия орталық спорт клубының базасында өтті.
Әскери спортшылар тоғыз салмақ дәріжесі бойынша сыңға түсті.
Аталмыш турнир 2020 жылы Алматы қаласында болатын ТМД мүше мемлекеттері достық армиясының ІІІ Әскери-спорттық ойын аясында өтті, - деді ол.
Қазіргі таңда армиялық қоян-қолтық ұрысы бүкіл әлемде жақсы дамып келе жатыр. Оның өркендеуі қорғану тәсілдері мен шабуылды үйрететін әмбебап жүйеге байланысты. Ол спорт түрі ретінде өзіне әлемдік арсеналдағы күрестің түрлі функционалды элементтерін қосады. Әскери қызметшілердің армиялық қоян-қолтық ұрыс тәсілдерін білу қарусызда қорғануына мүмкіндік береді.