Қазақстанда әскерилерге вакцина егу қашан басталатыны белгілі болды

0
2 476

Қазір Қарулы күштерде екпе жұмыстарына дайындық жүріп жатыр.


Қазақстанда әскерилерге вакцина егу қашан басталатыны белгілі болды

Қазақстанның Қарулы күштерінде коронавирусқа қарсы вакцина егу наурыз айында басталады, деп хабарлайды ERNUR.KZ Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


«Қазір екпе жұмыстарына дайындық жүріп жатыр, ол Қарулы күштерде биыл наурыз айында басталады. Екпе жүргізуде жеке құрамның басым санаттары айқындалып, оны алу кезектілігі жоспарланды.
Әскери қызметшілер мен азаматтық қызметкерлердің пікірлерін алдын-ала зерделеу көрсеткендей, барлығы дерлік коронавирусқа қарсы екпенің қажеттілігін қолдайды», - делінген хабарламада.

Жалпы, Қарулы күштерде коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың саны елдегі орташа көрсеткіштен әлдеқайда төмен.
Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев жауынгерлік даярлық іс-шараларын қысқартуға, әскери даярлықты төмендетуге жол берілмейтінін атап өтті.