Қазақстанда автомобиль құрастыру қарқын алды

0
2 555

Биыл шығарылған өнім көлемі өткен жылғы көрсеткіштен 1,8 пайызға асып түсті.


Қазақстанда автомобиль құрастыру қарқын алды

ERNUR.KZ. 2021 жылдың қаңтарында Қазақстан аумағында 5 981 автокөлік құралы құрастырылды. Бұл туралы «ҚазАвтоӨнеркәсіп» Қазақстанның автомобиль саласы кәсіпорындарының одағы мәлім етті, деп жазады ҚазАқпарат.


«Осы жылдың қаңтарында Қазақстан аумағында жалпы құны 43,1 млрд теңге болатын 5 981 автокөлік (жеңіл, жүк көліктерін, автобустарды, арнаулы машиналар мен тіркемелерді қоса алғанда) шығарылды. Нақты мәнде шығарылған өнім көлемі өткен жылғы көрсеткіштен 1,8 пайызға асып түсті», - делінген таратылған ақпаратта.


Одақ мәліметінше, жеңіл автомобиль өндірісі 3,9 пайызға артып, 5 393 көлік құрастырылды. 150 автобус шығарылды.

Есепті кезең қорытындысында құрастырылған автобустар саны 4,5 есе көп болып отыр.

Дегенмен, жүк көліктерін құрастыру 1,5 есе төмендеп 363 болды.

Тіркеме шығару 99-дан 67-ге дейін кеміді.

Мұнан бөлек 8 мамандандырылған автотехника шығарылды.

Қаңтарда отандық өндіріс ошақтарынан шығарылған 5 381 көлік сатылды.

Бұл - өткен жылғы көрсеткіштен 53 пайызға жоғары.

«ҚазАвтоӨнеркәсіп» кәсіпорындарының нарықтағы үлесі 65,6 пайыздан 64,6 пайызға дейін төмендеді.