Қазақстанда азық-түлік бағасы бір жылда 10,9% қымбаттады

0
836

Тек қанттың бағасы төмендеген.


Қазақстанда азық-түлік бағасы бір жылда 10,9% қымбаттады

ERNUR.KZ. Қазақстанда азық-түлік бағасы бір жылда, яғни 2019 жылғы тамыз бен 2020 жылғы тамыз аралығында 10,9% қымбаттады, деп жазады aikyn.kz.

Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің мәліметінше, елімізде бір жылда нан өнімдері және жармалар, ет, балық және теңіз өнімдері, сүт өнімдері, жұмыртқа, май және тоңмай, кондитерлік өнімдер, жемістер және жаңа жиналған көкөністер, картоп, алкогольсіз сусындар және алкогольді ішімдіктер қымбаттады. Баға тек қантқа төмендеген.

Атап айтқанда, 2020 жылғы тамызда сүйегі бар жылқы етіне орташа баға келісіне 2210 теңгені (2019 жылғы тамызда – 1933 теңге), сүйегі бар қой етіне – 1940 теңгені (1648 теңге), сиыр етінің жауырын-төс бөлігіне – 1909 теңгені (1713 теңге), шошқа етінің жауырын бөлігіне – 1567 теңгені (1416 теңге), тауықтың сан етіне 821 теңгені (812 теңге) құрады.

Қанттың орташа бағасы биылғы тамызда келісіне 211 теңге болды. Былтырғы тамызда ол 233 теңге тұрған еді.

Сондай-ақ 2020 жылғы тамызда сәбізге орташа баға келісіне 122 теңгені (2019 жылғы тамызда – 147 теңге), картопқа – 117 теңгені (111 теңге), басты пиязға 92 теңгені (129 теңге), ақ қауданды қырыққабатқа 88 теңгені (100 теңге) құрады.