Қазақстанда бала емізетін әйелдерге вакцина салына ма

0
474

Ресейде емізетін әйелдерге " Спутник V " салуға рұқсат етілген.


Қазақстанда бала емізетін әйелдерге вакцина салына ма

ERNUR.KZ. Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстанда бала емізетін әйелдерге вакцина салу жоспары туралы айтты, деп жазады zakon.kz.

Біз өндірушінің ұсыныстарын қараймыз, ресми ақпаратты сұраймыз, содан кейін ғана бұл мәселе иммундау комиссиясына енгізіледі, белгілі бір шешім қабылданады. Егер өндіруші нұсқаулықта бала емізетін әйелдер үшін қауіпсіз десе, онда біз де бұл мәселені өзара талқылаймыз, - деді Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы.

Ресейде емізетін әйелдерге " Спутник V " салуға рұқсат етілген. Дегенмен вакцинаны салу бойынша ешқандай клиникалық зерттеулер жүргізілмеген.

Біздің сұрау жібердік, енді ресми жауапты күтуіміз керек. Сондай-ақ, бала емізетін әйелдерге егуге болады деген сөз нұсқаулыққа енгізілуі керек. Менің ойымша, бұл бір айға созылуы мүмкін, - деді Алексей Цой.

Бұған дейін денсаулық сақтау министрлігінің басшысы Қазақстанда ақылы вакцинацияның қанша тұратынын айтқан болатын. Сондай-ақ, Pfizer компаниясының өкілдерін брифингке шақыруға уәде берген еді.