Қазақстанда баласы бар қызметкерлерге жұмысқа кеш келуге рұқсат етіледі

0
1 043

Баласы бар мемлекеттік қызметкерлер үшін жұмыс таңғы 09:30-да басталады


Қазақстанда баласы бар қызметкерлерге жұмысқа кеш келуге рұқсат етіледі

ERNUR.KZ. Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев икемді жұмыс кестесі кімдер үшін енгізілетінін мәлімдеді, деп жазады Sputnik Қазақстан.

Агенттік қазір икемді жұмыс кестесін сынақтап өткізіп жатыр.

"Күн сайын балабақша мен мектепке баласын апаратын қызметкерлер үшін жұмыс уақыты таңғы 9.30-да басталады. Сондай-ақ қызметкерлердің үштен екісі түскі үзіліс уақытын ұзарту қажеттігін айтты. Олар үшін жұмыс уақыты жарты сағатқа кеш аяқталады. Яғни сағат 19.00-де", — деді Шпекбаев бірінші жартыжылдықтағы жұмыс қорытындысы туралы кеңейтілген алқа отырысында.