Қазақстанда бизнес ашуға қатысты шығынды төмендетуге бағытталған құжат әзірленуде

0
2 319

Құжат 2021 жылдың маусым айында Мәжілістің қарауына енгізіледі.


Қазақстанда бизнес ашуға қатысты шығынды төмендетуге бағытталған құжат әзірленуде

ERNUR.KZ. Қазақстанда бизнесті ашу мен жүргізуде шығындарды төмендетуге бағытталған заң жобасы әзірленіп жатыр. Бұл туралы бүгін жетінші шақырылған ҚР Парламентінің бірінші сессиясында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мәлім етті, деп жазады ҚазАқпарат.

«Тағы бір мақсат – бизнесті жүргізу үшін қолайлы жағдай жасау. Жаңа экономикалық саясатқа негізделген кәсіпкерлікті қолдаудың тетігін әзірлеу қажеттігі бар. Саладағы реттеу іс-шараларын жаңа қадамдардан бастауға тапсырма берген едім, бұл өз кезегіне бизнесті ашу мен жүргізуде шығындарды айтарлықтай төмендетеді», - деді Президент.

Мемлекет басшысы 2020 жылдың соңында тиісті Жарлыққа қол қойғанын еске салды.

«Оған сәйкес, Үкімет маңызды заң жобасын даярлап жатыр. Құжат 2021 жылдың маусым айында Мәжілістің қарауына енгізіледі. Осы орайда Кәсіпкерлер ұсыныстары мен қоғамдық мүддені ескере отырып, аталған заң жобасын депутаттардың жан-жақты қарауын сұраймын», - деді Қ. Тоқаев.