Қазақстанда газды көтерме сатудың шекті бағасын көтеру жоспарлануда

0
670

Бұйрық жобасы Ашық НҚА веб-сайтында 5 мамырға дейін орналастырылған.


Қазақстанда газды көтерме сатудың шекті бағасын көтеру жоспарлануда

ERNUR.KZ. ҚР Энергетика министрлігі «Қазақстан Республикасының ішкі нарығында тауарлық газды көтерме саудада өткізудің шекті бағаларын бекіту туралы» бұйрық дайындады, деп жазады Zakon.kz.

Осылайша, 2022 жылғы 1 шілдеден 2023 жылғы 30 маусымға дейінгі кезеңге Қазақстан Республикасының ішкі нарығында тауарлық газды көтерме саудада өткізудің шекті бағасын арттыру ұсынылады.

Мысалы, Нұр-Сұлтанда газдың мың текше метрі ҚҚС-сыз 29 629 теңгені құрайды (2021 жылдың 1 шілдесінен 2022 жылдың 30 маусымына дейін, бағасы 25 764 теңге).

Алматыда газдың бір текше метрі 24 548 теңге (қазір – 21 346 теңге) болады. Шымкентте газ бағасы 25 617 теңгеге (22 276 теңге) дейін көтеріледі.

Бұйрық жобасы Ашық НҚА веб-сайтында 5 мамырға дейін орналастырылған. Сондай-ақ барлық аймақтар бойынша ұсынылған бағаларды көруге болады.