Қазақстанда кейбір салалар бойынша қызмет көрсету құны қымбаттады

0
693

Демалыс пен ойын-сауықты ұйымдастыру саласындағы қызметтер құны 177,9 млрд теңгеге жетті.


Қазақстанда кейбір салалар бойынша қызмет көрсету құны қымбаттады

ERNUR.KZ. Спорт саласы бойынша қызмет көлемі 76,8 млрд теңгені құрайды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 36,1 пайызға артық, деп жазады ҚазАқпарат.

Демалыс пен ойын-сауықты ұйымдастыру саласындағы қызметтер құны 177,9 млрд теңгеге жетті. Бір жыл бұрынғыға қарағанда 91,6%-ға артық. Халық есебінен көрсетілетін қызметтер көлемі 74%.

Ауылдық жерлерде спорт саласында көрсетілген қызметтер көлемі 4 млрд теңгеге шықты. Ал демалыс және ойын - сауық саласында 21,6 млрд теңгені құрады.

Жергілікті бюджеттердің мәдениетке, спортқа, туризмге және ақпараттық кеңістікке жұмсаған шығыстары бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша 214,8 млрд теңгеге жетті, жылдық өсім 39,6%.

Өңірлер бойынша жергілікті бюджет шығыстарының ең көп көлемі Түркістан облысында тіркелген. Аталған өңірде 27,1 млрд теңге, жылдық өсім-56% құрап отыр. Көшбасшылар үштігінде Алматы (20,5 млрд теңге, өсім 2 есе) және Қарағанды (18,4 млрд теңге, оған қоса 29,5%) облыстары бар. Ең төменгі көрсеткіштер Маңғыстау облысында байқалды. Барлығы 6,4 млрд теңге, бұл бір жыл бұрынғыға қарағанда 25,6%-ға артық.

Алматыда мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістікке бөлінген жергілікті бюджет шығындары бір жылда 53,9%-ға, 18 млрд теңгеге дейін, ШҚО-да 13,9%-ға, яғни 13 млрд теңгеге өсті.

Биыл тамыз айының қорытындысы бойынша демалыс және спорттық іс-шаралар саласындағы қызметтердің бағасы бір жылда 9,4%-ға өсті. Оның ішінде музыка оқыту бойынша сабақтар 5,7%-ға, бассейндер (абонемент) қызметтері 11,3%-ға, жаттығу залдары қызметтері (абонемент) 9,7% - ға артқан. Одан бөлек, мектеп жасындағы балаларға арналған спорт секцияларындағы сабақтар 5,9%-ға, балаларға арналған аттракциондар қызметтері 14,4%-ға қымбаттады.

Өңірлер бойынша бағаның ең үлкен жылдық өсуі Атырау облысында 27,5%-ға тіркелді. Одан әрі Алматы (22,6%) және БҚО (21%) бар. Ең төменгі көрсеткіш Ақтөбе облысында байқалып, 1,7%-ды құрап отыр.