Бұл салық төлеушілерге ыңғайлы болу үшін жасалды делінеді.
ERNUR.KZ. Қазақстанда көлік салығын төлеу мерзімі кейінге шегеріледі. Бұл туралы ҚР Ұлттық экономика министрі Руслан Даленов мәлімдеді, деп жазады zakon.kz.
- Салық төлеушілерге ыңғайлы болу үшін көлік салығын төлеу мерзімі биылғы жылдың 31 желтоқсанынан келесі жылдың 1 сәуіріне дейін ауыстырылады, - деді ол.
Мәжіліс депутаттары жалпы отырыста бірінші оқылымда салық салу және инвестициялық ахуалды жақсарту туралы заңнамаға енгізілген түзетулерді мақұлдады.