Қазақстанда коронавирустан көз жұмғандар саны 400-ге жуықтады

0
607

Коронавирустан қайтыс болғандар саны 396-ға жетті.


Қазақстанда коронавирустан көз жұмғандар саны 400-ге жуықтады

ERNUR.KZ. Қазақстанда 396 адам коронавирус ауруынан қайтыс болды. Бұл туралы үкімет отырысында денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлім етті, деп жазады Stan.kz.

Денсаулық сақтау министрі еліміздегі коронавирустық инфекцияның таралу жағдайына тоқталып, толыққанды ақпарат берді.

"Қазақстанда 61 755 адам коронавирус инфекциясын жұқтырған, олардың ішінде 35 911 адам (58%) жазылып шықты, 25 448 адам емделуде. Коронавирустан қайтыс болғандар саны 396 адамды құрайды", - дейді Алексей Цой.