Қазақстанда коронавирустың белгілерін зерттеумен Назарбаев Университеті жанындағы ғалымдар тобы айналысып жатыр.
ERNUR.KZ. Денсаулық сақтау министрлігінің Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті елде коронавирус мутациясы тіркелді ме, жоқ па деген сұраққа жауап берді, деп жазады Tengrinews.kz.
Ведомство мәліметінше, бүгінде Қазақстанда жұқпалы ауруға әсер ететін қандай да бір мутация анықталмады.
"Бүгінгі таңда "Ұлттық сараптама орталығы РМК "Ұлттық биотехнология орталығы" РМК-мен бірлесіп, COVID-19 вирусының 52 үлгісінің генетикалық сипаттамасын толық секвенирлеу (ДНҚ оқу) әдісімен жүргізді. Салыстырмалы талдауға сәйкес, инфекцияға әсер ететін мутация табылған жоқ", - делінген хабарламада.
Комитет мәліметінше, Қазақстанда коронавирустың белгілерін зерттеумен Назарбаев Университеті жанындағы ғалымдар тобы айналысып жатыр.