Қазақстанда малдардың қауіпті инфекция жұқтыруы жиіледі

0
766

​Аурулармен күресуде оң қарқын байқалмайды.


Қазақстанда малдардың қауіпті инфекция жұқтыруы жиіледі

ERNUR.KZ. Қазақстанда ветеринарлық инспекторлардың өз міндеттерін атқаруға деген құлықсыздығы малдардың қауіпті инфекция жұқтыруына себеп болып отыр, деп жазады sputnik.kz.

Бұл туралы үкімет сағатында мәжілістің аграрлық мәселелер жөніндегі комитетінің төрағасы Ерлан Барлыбаев мәлімдеді.
Оның айтуынша, республика өңірлеріндегі ветеринарлық іс-шаралар бюджеттен бөлінген қаражат есебінен алдын алу шараларын жүргізумен шектерілп отыр.
"Инспекторлар жұқпалы емес аурулар бойынша есептің шынайылығы үшін жауапкершілікке тартылмайды. Жануарлардың денсаулығына монитроинг жүргізу үшін қан биохимиясын (талдауын) жүргізумен ешкім айналысып жатқан жоқ. Ал бұл эпизотикалық жағымды ахуалды қалыптастырудың негізі болып отыр. Сондықтан соңғы жылдары жануарлардың адамдарға жұғатын өткір және созылмалы инфекциялық ауруларға шалдығуы жиіледі", - деді Ерлан Барлыбаев.
Ол қазір құтыру мен бруцеллез жиі тіркеліп жатқанын және осы аурулармен күресуде оң қарқын байқалмайтынын атап өтті.
Мысалы, 2020-2021 жылдары бруцеллез жұқтыру 2%-ке, ауыл шаруашылығы жануарларындағы сібір жарасы – 6 есе, лептоспироз – 5 есе, анаэробты энтеротоксемия – 5 есе, вирусты диарея және жұқпалы ринотрахит – 113%-ке өскен.
"Импорттық асыл тұқымды ірі қара малды елге жеткізу бойынша бағдарламаларды жүзеге асыру да аз қиындық тудырған жоқ. Елге инфекциялық ринотрахеит, блютанг, нодулярлы дерматит, Шмалленбер дерті және вирусты диарея сынды аурулар әкелінді", - деді Барлыбаев.
Мәжіліс депутаты малдың инфекциялық аурулары, қырылу және оларды ерте союға мәжбүрлік, аурудан кейінгі ахуалының нашарлығы, вакциналау және ауруды емдеуге кеткен шығын, сондай-ақ карантин шаралары шаруалардың ғана емес, бүкіл ел экономикасына кері әсер етіп отырғанын айтты.
Оның пікірінше, бұл факторлар осы саланың экспорттық әлеуетін де төмендетеді.
Бұған дейін ауыл шаруашылығы министрі Қазақстан жастарының жалақысы төмен болуы, физикалық жүктеменің көптігі және денсаулыққа келетін қауіптің жоғарылығына байланысты ветеринария саласына барғысы келмейтінін айтты.