Тоқаев бірқатар спортшыға Қазақстан Республикасы Президентінің құрмет грамоталарын табыстады.
ERNUR.KZ. Қасым-Жомарт Тоқаев Азиада ойындарымен өткен кездесуде спорт саласын басқару сапасын жақсартуды тапсырды, деп жазады sputnik.kz.
Президенттің айтуынша, туризм және спорт министрлігі, ұлттық олимпиада комитеті (ҰОК) және федерациялар арасында үйлесім жоқ.
"Спортты басқару институттарының қызметі мен өзара ықпалдастығына қатысты бүкіл жүйені қысқа мерзімде қайта қарау қажет. ҰОК-тің қызметін жетілдіру ісіне де назар аудару керек. Туризм және спорт министрлігі, ҰОК және федерациялардың жұмысын үйлестіруді түбегейлі жолға қою керек. Тиімді байланыстың, ықпалдастықтың және өзара жәрдемдесудің болмауы жақсы нәтижеге жеткізбейді, яғни, жеңіліске әкеп соқтырады. Париж Олимпиадасы қарсаңында мұндай келеңсіздікке жол беруге болмайды. Мемлекеттің бюджетінен қаржыландырылатын спорт федерацияларының қызметіне ревизия жасау қажет", – деді Тоқаев.