Бір апта ішінде 2734 қылмыс жасалды.
ERNUR.KZ. Өткен апта ішінде ел аумағында 2734 қылмыс жасалды. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің өкілі Шұғыла Тұрлыбек мәлім етті, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
«Бір апта ішінде 2734 қылмыс жасалды. Оның ішінде 1673-і тәулік ішінде ашылды. Полиция қызметкерлері «ізін суытпай» 14 кісі өлтіруді, 5 өлімге әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіруді, 1 қарақшылық, 37 тонау және 362 бөтен мүлікті ұрлау қылмыстарын ашты», – деді Шұғыла Тұрлыбек ведомствода өткен онлайн брифингте.
Сондай-ақ Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы өзара ынтымақтастық мәселесі айтылды.
«Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов Өзбекстанның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Саидикрам Ниязходжаевпен кездесті. Кездесуде қылмысқа қарсы күрес саласындағы екіжақты ынтымақтастық мәселелері талқыланды. Сонымен қатар, тараптар өзекті бағыттар бойынша бірлескен өзара іс-қимылды дамытудың одан әрі перспективаларын белгіледі», - министрлік өкілі.